Ертең Астанада Халықаралық Менделеев олимпиадасы басталады

АСТАНА. 23 сәЕртең Астанада химия пәнінен 46-ншы Халықаралық Менделеев олимпиадасы басталады, деп хабарлады ҚР БҒМ-ның баспасөз қызметінен.Биыл аталмыш жарысқа Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Қырғызстан, Литва, Македония, Молдова, Эстония, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Венгрия, Индонезия, Грузия, Түркия, Германия, Франция, Қазақстан елдері оқушыларының құрама командалары қатысады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 24 сәуір күні Тәуелсіздік сарайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Халықаралық Менделеев олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің төрағасы В. Луниннің қатысуымен өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе