2020 жылға қарай елімізде оқушы орындарының тапшылығы жойылады - С. Ахметов

АСТАНА. 11 2020 жылға қарай елімізде оқушы орындарының тапшылығы жойылады.Бүгін Ақордада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан еліміздің өткен 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет жұмысының негізгі нәтижелері туралы жиында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.

«Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер желісі ағымдағы жылы 1138 бірлікке артып, бес жасқа дейінгі балаларды қамту ауқымы 71,5 пайызды құрады. Биылғы жылдың соңына дейін 152 мектеп пайдалануға беріледі. Ал 2015 жылға дейін тағы 552 мектеп салу жоспарланады. Үш ауысымдағы апатты мектептерді және оқушы орны тапшылығын жою 2020 қарай жоспарланады», деді С. Ахметов.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу жұмыстары аяқталып келе жатқанын, медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру үлгісі енгізіле беретінін атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе