Қызылорда облысында 3-6 жас аралығындағы балалардың 90%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған

Қызылорда облысында 3-6 жас аралығындағы балалардың 90%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, деп хабарлайды strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.2014 жылы Қызылорда облысында 80-нен астам мектепке дейінгі оқыту мекемесі ашылды. Соның ішінде 60-тан астамы балабақша болса, қалғандары шағын орталықтар. Ашылған білім ошақтарының басым көпшілігі - жеке меншік. Облыста атқарушы билік пен кәсіпкерлердің әріптестігі үйлесімді түрде жолға қойылған. Мемлекет жеке меншік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс беріп, қызметкерлердің жалақысы мен коммуналды қызмет төлемдеріне белгілі бір деңгейде көмек береді.

Әкімдіктің хабарлауынша, «Балапан» бағдарламасын іске асырудың оң нәтижелері Қызылорда облысында мемлекеттік балабақшалар салу есебінен қол жеткізілген. Мектептер жанынан шағын орталықтар ашу мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік те өз жемісін беруде.  

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, биыл Арал маңы тұрғындарының бүлдіршіндерінің барлығын мектепке дейінгі білім беру нысандарымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынбақ. 3-6 жас аралығындағы балаларды 2015 жылы жүз пайыз балабақшамен қамтамасыз ету мақсатында жеке меншік балабақшалар мен шағын орталықтар құрылысы қарқынды жүреді.

Жоспар бойынша, Қармақшы ауданы Ақай ауылы мен Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы балабақша құрылысына мемлекет қаражат бөледі. Сонымен қатар Шиелі ауылы мен Арал қаласындағы «Жазира», «Толқын» балабақшалары құрылысы басталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе