Батысқазақстандық оқушы республикалық олимпиадада жүлдегер болды

– Батысқазақстандық оқушы Тимур Болатов Алматыдағы Гете институты ұйымдастырған республикалық олимпиадада жүлделі орынға ие болды, деп тілшісі. Аталмыш олимпиада биыл коронавирус індетіне байланысты онлайн режимде өтті. Республикалық сынға қатысушылар тест тапсырып, сөйлеу дағдыларын көрсетті. Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сыныбында оқитын Т.Болатов жеңімпаз атанған оқушының нәтижесінен сәл ғана аз ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Ол неміс тілі бойынша халықаралық олимпиадаға қатысу резервіне енді. Бұл Тимурдың бірінші табысы емес. Бұдан бірнеше ай бұрын неміс тілінде сауатты жазуды насихаттау мақсатындағы «Tolles Diktat» халықаралық акциясына қатысып, Қазақстанды лайықты түрде таныстырған Т.Болатов бірінші орын алған болатын. Озат оқушы жеті жұрттың тілін меңгеруді армандайды. Қазір ағылшын тілінен басқа неміс және жапон тілін үйреніп жүр. – Жапон тілін меңгеруді хоббиім деп айтар едім, жаңа нәрсені үйрену маған қуаныш сыйлайды. Мен тіл үйрену барысында бәрінен бұрын сөздікке сүйенемін және оқу дағдысына мән беремін, өйткені бұл тілдің маңызды бөліктерінің бірі деп ойлаймын. Мектеп бітіруіме әлі бір жыл бар. Болашақта инженерлік немесе ақпараттық технология саласының маманы болғым келеді. Ол үшін көп тіл білгеннің артығы жоқ, – дейді Тимур Болатов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе