Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясын 2012 жылы іске асырудың мән-жайы түсіндірілмек

АСТАНА. 7 сә«Халықаралық бағдарламалар орталығы» кеңсесінде ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын 2012 жылы іске асырудың мән-жайы түсіндірілмек.Атап айтқанда, 9 сәуірде  ҚР Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Ақерке Аблайханның, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Әсет Әбдуалиевтің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжаттарды қабылдау және конкурс ұйымдастыру бөлімінің бастығы Досхан Құдайбергеновтың қатысуымен БАҚ үшін брифинг өтеді. Онда аталған адамдар 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының іске асырылуы туралы баяндайды.

Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 355 қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 537 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе