Алматыда БҰҰ-ның «Жаңа жібек жолы» атты халықаралық конференциясы өтуде

Ауғанстандағы жағдай, есірткі саудасы, адам құқығы, сөз және сенім бостандығы.Міне осындай өзекті мәселелерді бүгін Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының «Жаңа жібек жолы» атты халықаралық моделі бойынша өтіп жатқан конференцияда әлемнің бірқатар елдерінен келген белсенді студент жастар талқылауда.

 Басты мақсат - жастарды халықаралық мәселелерді белсенді түрде талқылауға баулу, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

 Бүгінгі форумға Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар, Орталық және Оңтүстік Азия елдерінен келген 200 астам студент қатысуда.

 Кеңесте қаралған мәселелер бойынша тың ұсыныстар білдірген студенттер «Ең үздік делегат», «Ынталандыру жүлдесі» және «Ең үздік меморандум» аталымдары бойынша дипломдармен марапатталады.

 Айта кетер жайт, аталмыш форумға АҚШ-тың Бас консулдығының өкілдері және басқа да тәжірибелі дипломаттар қатысуда.

 Алқалы кеңес 3 мамырға дейін жалғасады.

 Форум аяғында талқыланған мәселелер бойынша арнайы қарар қабылданып, ол Біріккен Ұлттар Ұйымына жіберіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе