Алматыда Британ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату туралы семинар өтуде

АЛМАТЫ. 18 мамыр. ҚазАқпарт - Алматыда «Британдық жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық орнату және зерттеу нәтижелерiн импакт-факторы жоғары журналдарда жариялау жолдары» деп аталатын  семинар өтіп жатыр. «Жоғарғы оқу орнының ең үздік мұғалімі - 2011» байқауының  иегерлеріне арналған бұл шараны   British Council ұйымдастырып отыр.

«Барлық зерттеушiлер өз жұмыстарын жариялауы тиіс. Бiрақ әсiресе жұмыстар импакт-факторы  жоғары журналдарда жарияланатын болса, бұл оңай емес. Семинарда университеттердегi зерттеулердiң тиiмдi мәдениетінiң дамытудың маңызы, жарияланымдарды дайындау үдерісі, сонымен қатар, қарым-қатынасты орнату және абырой жинауды, мақала жазу, журналдармен қалай жұмыс істеу керектігін және редакторлардың сауалдарына қалай жауап беруі  мәселелері талқыланады», - дейді  Ұлыбританиядан шақырылған сарапшы  Стивен Вебер. Оның айтуынша, Қазақстанның 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бiлiм беруді дамыту бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі - жоғарғы бiлiмнiң сапасын бағалау жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң қамтамасыз ету, сондай-ақ  қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бүкіләлемдік ең үздік университеттерiнiң рейтингтерiне кіруі болып табылады. Ал зерттеу нәтижелерiнің импакт-факторы жоғары зерттеу журналдарға жариялануы (ғылыми журнал маңызының сандық көрсеткiшi), жоғарғы оқу орындарының университет рейтингтерiне кіруі үшiн қажет.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе