ТМД-да университеттер рейтінгісін жасайды

АСТАНА. 12 ТМД-да университеттер рейтингісін жасайды. Үздіктерді жоғары оқу орындарының көпфакторлы талдауынан кейін анықтайды. Бұл туралы ТМД парламентаралық ассамблеясының баспасөз қызметінен хабарлады.«Рейтингті жасау барысында сарапшылар статистикалық мәліметтер, академиялық және ғылыми бірлестік өкілдері, студентер мен түлектер және жұмыс берушілерден алынған сауалнама нәтижесіне сүйенеді» деп жазылған хабарламада.Жобаның мақсаты - ТМД кеңістігінде жоғары мектеп ерекшеліктерін ескермейтін халықаралық рейтингтерге балама құру. Сарапшылардың мәліметі бойынша, осы күнгі рейтингтер білім сапасы мен еңбек нарағындағы түлектердің жетістіктерін бағалай алмайды.Сонымен қатар, сарапшылар аталған университеттердің өз елінде және ТМД-ның басқа мемлекеттерінде қандай беделі бар екенін де ескереді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе