ОҚО-да жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 89 түлекке облыс әкімінің гранты тапсырылды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 89 түлекке облыс әкімінің грантын тапсырды.ҰБТ сынағынан қажетті көрсеткішке қол жеткізе алмай грантқа ілікпеген балалар енді жолдама арқылы облысымыздағы 11 жоғары оқу орындарында білімін тегін жалғастыра алады. Оқу жылында өңірде 11-сыныпты  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200  бала бітірді. Олардың  89-ы облыстағы жоғарғы оқу орындарына, 91-і колледждерде оқуға ниет білдірсе, 20-ы еліміздің басқа өңірлерінде білім алуға ықылас танытып отыр. Жоғары оқу орындарында оқуға ниет білдірген 147  түлектің  106-ы  Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде  50 балдан жоғары   жинаған. Салтанатты шарада балалардың болашаққа деген үмітін өшірмей, қамқорлық танытқан облыстағы 11 жоғары оқу орындарының басшылары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов жаңа өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге сәттілік тілеп, мемлекетімізге еңбек ететін білікті маман болып шығатындарына сенім артты, деп хабарлайды   ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, облыста ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе