Ақтөбеде Аяз атаға хат жазған балалардың тілегі орындалды

– Ақтөбеде жаңа жылдық ертеңгіліктер басталды. Бүгін аз қамтылған отбасы балалары қалаған сыйлығын алды, деп тілшісі.

Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің «Біз еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды. Оған 9-13 жас аралығындағы 200 көпбалалы, аз қамтылған отбасының, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Мерекелік шарада Аяз ата мен Ақшақар балалармен бірге ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алды. Аяз ата шырша шамын жағып, мультфильм кейіпкерлері би билеп, ән шырқады. «Осы мерекеге арнайы ең ақылды, талантты, талапты балалар деп өздеріңді шақырдық. Себебі сендер жыл бойы өздеріңнің жетістіктеріңмен бізді қуанттыңдар. Біз өздеріңмен мақтанамыз. Өйткені сендер біздің болашағымызсыңдар. Жер бетіндегі ең әдемі сәт алаңсыз тыныштықта ойнаған бала күлкісі мен олардың шаттық пен қуанышқа бөленген сәті. Келер жылы армандарың орындалсын, жаңа жылдарың құтты болсын»,-деді аймақ басшысы Оңдасын Оразалин. Шараға қатысқан балалардың барлығына велосипед, спорттық киімдер жиынтығы, тәтті сыйлықтар табысталды. «Балалардың бәрі хат жазды. Жетім балалар аналарын сұрады. Бұл өте қиын. Биыл сыйлықтардың бәрі спорттық құрал-жабдық болды. Балаларға велосипед, сымсыз наушник, спорттық киім, Абайдың қара сөздері кітабы берілді. Әрине, тәтті сый да бар. Қазіргі кезде 1,5 миллион теңге жұмсалды. Оны кәсіпкер демеушілер көтереді», - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе