Астанада 2 мың студент он-лайн режімінде «Ақсүйек» ойнайды

АСТАНА. 9 сәАстанада ғашықтар күніне орай, бозбала мен бойжеткенді таныстырған «Ақсүйек» ойыны тұңғыш рет он-лайн режімінде өтпек.Қазақ халқының ұлттық ойынын насихаттап, «Қозы мен Баян» ғашықтар күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын бұл шара  14 сәуір күні, кешкі сағат 20.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бас ғимаратының алдындағы алаңда (саябақта) өтеді.

Университеттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, іс-шара барысында мерекелік концерт болады, оның соңы би кешіне ұласады.

Ең қызығы, Астана қаласындағы өзге де жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін «Ақсүйек» ойыны бастарын махаббат қосқан шынайы 55 жұптың қатысуымен өтеді.

Мерекелік кешке ҚазАТУ-дан және басқа да ЖОО-лардан барлығы 2 мыңға жуық студент қатысады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе