Финляндия делегациясы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымымен кездеседі

АСТАНА. 17 сәБүгін сағат 17:00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Финляндия делегациясы мен университет ұжымының кездесуі өтеді.Делегация құрамында Шығыс Финляндия университетінің академиялық ректоры, профессор Юкка Монкконен, Халықаралық ынтымақтастық бойынша ректордың кеңесшісі  Розана Авенто және Шығыс Финляндия университетінің Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Бурул Назарматова болады. Бұл туралы   ҚазАТУ баспасөз қызметі хабарлады.

 Финляндия Президенті Саули Ниинистё Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында «жасыл экономика» және жаңарту тақырыбына арналған қазақстан-фин форумына қатысады. Форумда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Шығыс Финляндия университеті арасында ғылым мен білім салаларындағы ынтымақтастық және PhD докторларды бірлесіп дайындау туралы келісім-шартқа қол қойылады. Форум аяқталған соң Финляндиядан келген делегация ғылым мен білім салалары,  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-педагогикалық кадрларын дайындау мәселелерін талқылау мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе