Жыл басынан бері облыста 884 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді - С.Кулагин

Ағымдағы жылы облыста 884 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингісінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин атап өтті.Оның айтуынша,  мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту бюджет есебінен жүзеге асырылуымен қатар, мемлекеттік-жеке әріптестік аясында да жүргізіліп келеді. 

«Елбасы өзінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының маңызды бағыттарының бірі ретінде «Балапан» бағдарламасын одан әрі іске асыру қажеттілігін айқындап берді. Осы бағдарлама шеңберінде Ақмола облысында да ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Мәселен, биылғы жылдың 10 айында қосымша 1300 орын ашылды (15 МДҰ пайдалануға берілді). Оған қоса, жыл соңына дейін тағы 1280 орын ашылатын болады. Жалпы,  облыста 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 91 пайызға дейін жеткізілді. 

Қазіргі уақытта, сапалы білім беру үдерісін жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Облыста апатты және үш маусымды оқыту мектептері жоқ. 

Оқушы орнының тапшылығын төмендету мақсатында (9429 орын) ағымдағы жылы 884 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді (Көкшетау қаласы және Қостомар ауылы). Сондай-ақ,  2500 орынға арналған 7 мектептің құрылысы жалғастырылуда, оны пайдалануға беру 2016 жылға жоспарланып отыр»,-  дейді С.Кулагин.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе