2015 жылдан бастап еліміздің орта мектептерінде гольф секциялары ашылатын болады

- Қазақстанда 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін орта мектептерде гольфтен балалар-жасөспірімдер секциялары ашыла бастайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның гольф федерациясының бас хатшысы Константин Лифанов мәлімдеді.Оның айтуынша қазір бұл салада жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.

 «Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен елімізде арнайы балалар-жасөспірімдер бағдарламасы қабылданды. Ол ең алдымен биыл Алматы қаласының мектептерінде қолға алынатын болады. Ал келесі жылдан бастап еліміздің барлық орта мектептерінде біртіндеп жүзеге асырыла бастайды. Бірінші кезекте мектептердің спорт залдарының бір қабырғасына қауіпсіздік торы ілінеді. Ал қарама-қарсы қабырғаны бойлай арнайы тұғырлар орнатылады. Балалар сол тұғырлардың үстінде тұрып кішкентай доптарды торға қарай ұратын болады. Біздің жаттықтырушылар бүкіл оқу жылы барысында аптасына екі-үш рет мектептерге барып, гольфпен айналысам деушілер арасында 1-2 сағат бойы жаттығулар жүргізіп тұрады.  Бұл бағдарлама министрліктің арқасында мектептерде тегін жүргізіледі. Басты мақсат - гольфты бұқаралық спорт түріне айналдыру» - деді өз сөзінде К. Лифанов.

Қазақстан гольф федерациясы бас хатшысының айтуынша, қоғамда «Гольф - тек байлардың ғана ойнайтын ойыны»  деген түсінік қалыптасқан.

«Бұл - мүлдем қате түсінік. Қазақстанда гольф ойынының дамып келе жатқанына 15 жылдан енді асты. Бұл - өте аз мерзім. Соған қарамастан ол барған сайын бұқаралық сипатқа ие болуда. Қазір, мысалы, гольф-клубтарда айлық абоненттік төлем 12 мың теңгеден сәл ғана асады. Бұл басқа спорт түрлерімен салыстырғанда қымбат емес» - деді К. Лифанов.

Ал мектептердегі гольф секцияларынан білім алған оқушылар кейін гольф клубтарына келіп, шеберлігін одан әрі шыңдауға мүмкіндік алады.  

Естеріңізге сала кетелік, Халықаралық олимпиада комитеті 2009 жылы гольфты тұңғыш рет 2016 жылы Бразилияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе