Македония қазақстандықтарға өз оқу орындарында білім алуы үшін стипендиялар бөлді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Қазақстандағы Македония Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Илья Псалтировты қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.Кездесу барысында қала басшысы Алматының еліміз бойынша қаржы, ғылым, туризм орталығы екендігін және барлық бағыттар бойынша бірігіп жұмыс істеуге қашанда ашық екендігін атап өтті.

«Македония да - Қазақстан сияқты жас мемлекет. Сондықтан да біз бір-бірімізді мәдени байланыстар арқылы кеңінен танып, білуге тиіспіз. Сіздердің бай тарихтарыңыз бар, ел тұрақты дамып келеді. Алматы мен Македония арасындағы тауар айналымы жақсы қарқынмен өсуде. Алматыда шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде дипмиссия басшысы Македония астанасы Скопье қаласында орналасқан Қазақстан-Македония қауымдастығының жемісті жұмыс істеп жатқандығын айтып, Алматыда ұйымның өкілдігін ашу жөніндегі жоспарымен бөлісті. Елші сонымен қатар, Македонияда қазақстандық азаматтар үшін визасыз тәртіп қалыптасқандығын, ал студенттерге шәкіртақы қарастырылғандығын жеткізді.

Кездесу соңында мәртебелі мейман бірігіп жұмыс істеуге ынталы екенін айтып, 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алуда Алматы қаласының әкіміне табыс тіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе