Әдебиет академиясы ашылса, талантты жастар шетелге шапқыламайды - Мереке Құлкенов

Барша қаламгерлер Елбасының  «Ұлттық әдебиетіміздің болашағы - жас жазушылар үшін Әдебиет академиясын ашу керек» деген ұсынысын қуана қолдайды. Бұл туралы ойымен жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов бөлісті, деп тілшісі.

«Бұған дейін біздің талантты жас қаламгерлеріміз Мәскеуде, шет елдерден тиіп-қашып әдеби білім алатын, енді міне, сол жоғары білім ұясы өзімізден ашылғалы тұр. Бұған қалай қуанбассың! Елбасымыз жаңа 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, еліміздің жасампаз түлектерімен арнайы кездесіп, мазмұнды сұхбат өткізуі біз үшін елеулі оқиға болды. Қазақстан егемендік алған алғашқы күннен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастар мәселесін бір сәт ұмытқан емес. Оған елімізде жаңадан салынған жаңа мектептер мен жоғары оқу орындарының әсем ғимараттары, спорт кешендері, жастар сарайлары куә», - деді қаламгер.

Жазушының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға терең білім беруімен қатар, салиқалы тәрбие қажет екендігін де үнемі айтып келеді.

«Әсіресе ата-бабамыздан мұра болып қалған - үлкенді сыйлау, біреудің ала жібін аттамау, елі мен жерін шексіз сүю, тарихын, мәдениетін жан-жақты білу, ғылым мен білімді бір кісідей меңгеру сияқты қағидаларды қазіргі заман талабына орай қалай жүзеге асыруға болады деген толғамды ойлары барша халықтың көңілінен шықса керек.

Мақтанғандық емес, қазақ жастары аса талантты. Қазір үш немесе одан да көп тілді білетін жастарымыз көбейіп келеді. Соның арқасында қазақ балалары әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Қазақты бүкіл әлемге танытып, өзге ұлттарды қазақша сөйлетіп, ән салғызып жүрген Димаш Құдайбергенов, киноактриса Әсел Исламова, марқұм Денис Тен тағы басқа таланттарымыз - біздің тәуелсіз еліміздің түлектері. Сондықтан біз Мемлекетіміздің жастарға деген әкелік қамқорлығына дән ризамыз», - деді М.Құлкенов.

Айта кетсек, Жастар жылының ашылуына Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер келген.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өткен жылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.

Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.  

 

Фото: alashainasy.kz
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе