АЭФ: Ғалымдар «Жаһандық жасыл университет» құруды ұсынды

АСТАНА. 22 Бүгін VI Астана экономикалық форумында Ресейдің Урал мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры Михаил Федоров «Жаһандық жасыл университет» құруды ұсынды.«Мен «Жасыл университетті» құруға бағытталған меморандумға қол қоюды ұсынамын. Оның құрылымын жасақтау қажет. Бізде желілік университет құруға барлық негіз бар. Ол болашақ дамудың базасына айналып, бүкіл мемлекеттердің экономикалық дамуына серпін беруге көмектеседі», - деп атап көрсетті Федоров.

Оның айтуынша, білім мен ғылымды әлемнің әр елінде ала алатындай желі құру қажет. Оның бастамасы ретінде «Жаһандық жасыл университет» бола алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе