Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті базасында ағылшын тілі курсынан өткен профессорлық-оқытушылық құрамының қоштасу кеші өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Курстың негізгі мақсаты оқу, сөйлеу, жазу және тыңдау дағдыларын, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, іскерлік жағдайды ескере отырып, ауызша және жазбаша қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін білу негізінде жазбаша және ауызша ағылшын тілін практикалық меңгеру болып табылады.
Шараның қорытынды кезеңінде профессор-оқытушылар құрамына курсты сәтті аяқтағандары туралы сертификаттар табысталды.