Елордада 4 мектеп салынып жатыр

АСТАНА. 9 /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астанада 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр.Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұрғындармен есептік кездесуінде мәлім етті.

 «Қалада 14 мың оқушыға орын жетіспейді. Өкінішке орай, былтыр қаржының жетіспеушілігіне байланысты  тек 1200 орынға шақталған бір мектеп пайдалануға берілді. Бірақ соңғы 3 жыл ішінде елордада 8 мектептің салынғанын атап өткім келеді. Жүйелі мәселені ескере отырып, біз биыл мектеп орындарының жетіспеушілігін екі есеге қысқартуға жоспарлаудамыз», - деп нақтылады И. Тасмағамбетов.

 Қала басшысының мәліметтеріне қарағанда, Астанада 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар биыл тағы 3 мектептің құрылысы басталмақ. Олардың жалпы сиымдылығы 7 мың оқушы.

 «Дегенмен бұл аздық етеді. Бюджеттік мүмкіндіктерге қарай қалада тағы кем дегенде 5-6 мектеп салуымыз қажет», - деп түйіндеді сөзін елорда әкімі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе