Әскери қызметшілер мемлекеттік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізеді

2016 жылы Қорғаныс министрлігі 32 бағыт бойынша 1500 адамды біліктілік арттыру курстарында оқытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.Ағымдағы жылы біліктілікті арттыру жүйесі аясында әскери мамандықтар бойынша 9 оқу бағдарламасы қайта әзірленіп, 14 жаңа оқу бағдарламасы әзірленген. Жеке бағытпен әскери қауіпсіздікті, аумақтық қорғанысты, жұмылдыру даярлығын, әскери және мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне тартылған мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын бөлу жоспарлануда. Олар: мемлекеттік басқару органдарының басшылары (орынбасарлары), облыс, Астана, Алматы қалаларының, аудан орталықтары мен қала әкімдері, ерекше кезеңге құрылатын қорғаныс кеңесіне кіретін жергілікті атқару басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыруға тартылған орталық атқару басқару органдарының өкілдері.

2015 жылы әскери оқу орындарының базасында бір мыңнан аса әскери қызметшіні, яғни, офицерлер мен сержанттарды қамти отырып, біліктілікті арттырудың 24 курсы, сондай-ақ шамамен 1500 адамды қамти отырып, 11 тренинг жоспарланып, өткізілген. Оқыту Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты, сондай-ақ Кадет корпусының базаларында өткізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе