Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жақында 2,4 миллиард теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды - Ғалым Мұтанов

АЛМАТЫ. 22 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті   студенттерді ғылыми-зерттеу жобаларын жасауға тарту үшін жақында жеңіп алған 2,4 миллиард теңгелік гранттың 10 пайызын жұмсайды.Оны университет ректоры Ғалым Мұтанов бүгін Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында екі мыңға жуық белсенді жастармен болған кездесуде айтты.

Ғ. Мұтанұлының айтуынша, үздік оқитын белсенді жастарға қолдау көрсету барлық уақытта басты назарда болады. Мәселен, оқуда озат және  әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге атаулы шәкіртақылар тағайындау көлемі жыл сайын артып келеді. Ақылы бөлімде үздік оқып жүрген студенттердің төлем ақысына 25 пайыз жеңілдік қарастырылған. Көшбасшы университет еліміздегі жоғары оқу орныдары арасында бірінші болып компетентті оқытуды қолға алды.  Жастарды оқытып, білім-ғылымға баулып қана қоймай, тәрбелеуге де ерекше назар аударылып, бизнес инкубаторды қалыптастыруға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда куратор-эдвайзерлар институты құрылған. Бұл да отандық білім саласындағы алғашқы бастама. Куратор-эдвайзер - студенттің тәрбиешісі, сырласы, қамқоршысы, бағыттаушысы.

«Білімді адам ешқашан кедей болмауы және жоқшылықты білмеуі қажет. Ал ол үшін алған білімді қолдана білу керек. Бізде қандай іс-шара  болсын университеттің және еліміздің дамуы мен болашағы үшін жасалады. Болашақ сіздердің қолдарыңызда. Егер біздің мамандар әлсіз болса, орнын шетелдік мамандардың басуы заңдылық. Ендеше уақыт жоғалтпай әр күнді пайдалы іске жұмсап, мүмкіндікті қолданып, елге, туған жерге қызмет ету керек», - деді техника ғылымының докторы, профессор Ғалым Мұтанов.  Ректордың пайымдауынша, үздік студенттің қалыптасуы үздік ұстаздан. Ал үздік ұстаз қауымдастығы - үздік университет көрсеткіші.  Бәсекеге қабілетті маман болу үшін білімде де, ғылымда да, мәдениетте де, өнерде де сапаға ұмтылу керек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе