Ирландиядағы алып бұғылар аштықтан жойылған

АСТАНА. Қарашаның 23Ғалымдар соңғы мұз дәуірі кезеңінде қазіргі Ирландияның аумағында тіршілік еткен Megaloceros giganteus алып бұғыларының аштықтан жойылғанын дәлелдеді,деп BBC News сайтына сілтеме жасап.

Зерттеулер аясында ғалымдар ежелгі жануарлардың көмірқышқылдың және оттегінің түрлі изотоптары арақатынасының мән-жайына талдау жасады. Бұл талдау жануарлардың тамақтану қарқынының өзгеруін айқындады. Ғалымдар жойылу алдындағы шамамен 10,6 мың жыл бұрынғы уақытта Megaloceros giganteus алып бұғыларының жейтін тамақтарының соңғы жылдардағы мөлшерінің бірден азайып кеткенін анықтады.

 Зерттеушілердің пікірінше, бұл климаттық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Ғалымдар мұз дәуірінің климаты да ауытқуларға ұшырап отырған, солардың бірі тұтас бір түрлердің жойылуына себепші болған деп топшылайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе