Астанада 240 орындық жаңа балабақша ашылды

Елордадағы «Саранда» шағын ауданында 240 орындық балалар бақшасы ашылды. Бұл шара өз кезегінде Астанадағы балабақша кезегін азайта түседі, деп хабарлады Астана қаласы әкім інің ресми порталы.Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Б. Камалиев, Астана қалалық білім басқармасының өкілдері мен темір жол саласының ардагерлері қатысты.

- Бүгін «Саранда» тұрғын кешенінде айтулы да маңызды оқиға. Ол - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша салынған заманауи балабақшаның бүгінгі ашылуы Темір жол көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтіп жатқаны. Бірегей құрылыс қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің халықаралық үлгідегі барлық талаптарын ескере отырып салынған, - деді Б.Камалиев.

Айта кету керек, балалар бақшасы соңғы үлгідегі талаптарға сай етіп тұрғызылған. Жап-жаңа екі қабатты ғимаратта жас айырмашылығы бар 12 топта жиырма баладан тәрбиеленеді. Олардың жатын орындары мен тәрбиеленетін залдары интерактивтік тақталармен жарақтанған. Бассейн, музыка және гимнастика залдары, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар. Әр топ спорттық және ойын алаңдарымен қамтылған.

Балабақша едені арқылы жылытылады. Ақылды «жарық» құралдары бар. Шкафтарда киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге болады. Тамақтану және кір жуатын бөлмелер соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе