Әскери кафедралардың айрықша көзге түскен студенттерінің стипендиясына үстеме қаржы төлеу ұсынысы жасалды

АСТАНА. 17 Бүгін Астанада өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференцияда жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың айрықша көзге түскен студенттерінің стипендиясына үстеме қаржы төлеу жөнінде ұсыныс жасалды.Бұндай ұсынысты ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті «Халықаралық қатынастар» басқармасының бөлім бастығы Сансызбай Бағазин айтты.

 С. Байғазин жасақтық резерв дайындығы мемлекеттік маңыздылық мақсаты болып табылатынын және   бұған бюджет қаржысы бөлініп отырғандығын айтып өтті. «Осыған байланысты әкери дайындыққа деген қарым-қатынас тиісті деңгейде болуы шарт. Әскери кафедра осы бағыттағы оқу үдерісіне селқос қарайтын студенттерге ықпал ететін нақты тетікке ие болуы қажет»,-деді ол.

 С. Байғазиннің пайымдауынша, әскери кафедрада айрықша көзге түскен студенттер үшін стипендияның үстіне қосымша қаржы төлеу арқылы ынталандыру шараларын іске асыруға болады. Сонымен қатар жатақханадан бөлме алу кезінде де аталған студенттерге тиісті басымдықтар ескерілуі керек. «Бұдан бөлек, университетте ақылы негізде оқитын студенттерге осындай шаралар айрықша ынталандыру болуы да тиіс»,-деп түйіндеді ол.

 Айта кетейік, бүгінде Қазақстандағы жоғары оқу орындары жанындағы 24 әскери кафедраларда 10 мыңнан астам студент тәлім алуда. 2011 жылы осы әскери кафедрларды 3,6 мыңға жуығы аяқтады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе