Оралда облыс басшысының қатысуымен «Жұлдыздар шеруі» өтті

ОРАЛ. 25 Кеше А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенідәстүрлі «Жұлдыздар шеруін» өткізді. Аталмыш шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, 90 жылға жуық тарихы бар білім ордасының шәкірттерін сәтті аяқталған оқу жылымен құттықтады.

Тәжірибелі педагог, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ерсайын Сапаров басшылық ететін №11 мектеп-интернатта биылғы жылы 856 оқушы білім алды. Оның 222-сі үздік, ал 423-і оқу белсендісі атанды. Бұл кеште аталмыш білім ордасындағы 1-сыныпты үздік бітірген оқушылардың ата-аналарына мақтау қағаздары табыс етілді.

Елге танымал талай тұлғаны білім нәрімен сусындатқан қара шаңырақтан биыл түлеп ұшар оқушылардың жетеуі «Алтын белгіден», 16-сы үздік аттестаттан үмітті.

Шара барысында әр түрлі олимпиадалар, өнер байқаулары мен спорт жарыстарында жүлде алған шәкірттердің есімдері аталып өтілсе, әр пән бойынша «Жыл таңдауы» атағын жеңіп алғандар марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе