Әлімқұлов ҰБТ кезіндегі тосын оқиғалар жайында айтып берді

Ағымдағы жылы Ұлттық тестілеу барысында қандай да бір штаттан тыс оқиға орын ала қойған жоқ. Дегенмен бірнеше тосын жайт орын алды. Бұл жайында бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтып берді, деп .«Қазақстан өңірлерінің бірінде мынадай жағдай болды. Тест тапсырушы біздің өкілдеріміздің үстінен полицияға шағымданып, ұялы телефонын тартып алып, бүлдіргенін айтқан. Полиция бөлімшесінде біз смартфонды ереже аясында алып қоятындығымызды дәлелдеп бердік», - деді ол.Сонымен қатар оның айтуынша, тест тапсыратын күні аурып қалған түлекке қатысты да оқиға болған. «Ол ауруханадан шыққаннан кейін тест тапсыратын ҰБТ пунктіне келген. Алайда аталған пунктте тест өтіп кеткен болатын. Ал нормативтік-құқықтық актілерге көрші пунктте тест тапсыруға тыйым салынбағанымен рұқсат та берілмеген. Өйткені, оның тест тапсыратын орны басқа пунктте. Біз бұл мәселені шұғыл арада шешіп, түлекке тест тапсыруға рұқсат бердік», - деді Әлімқұлов. Оның сөзіне қарағанда, осы жайтты ескере келе Ұлттық тестілеу орталығы түлекке ҰБТ-ны басқа пунктте тапсыру мүмкіндігін заңдастыру бойынша ұсыныс енгізуді жоспарлауда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе