2017 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен оқығандар үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндетті болады

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған адамдарға оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мамандығы бойынша міндетті жұмыспен өтеу нормасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Онда комитет депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылаған еді.Айта кетейік, аталған құжат бойынша бірқатар заңнамалық актілердің нормалары «Білім туралы» заңға енгізілетін өзгерістер және толықтыруларға сәйкес келтіріледі.

Заң жобасында қамтылған негізгі жаңалықтардың бірі білім беру жүйесіне дуальді оқытуды енгізуге қатысты болып табылады. Сарапшылардың айтуынша, бұл студенттердің міндетті өндірістік тәжірибеден өтуін көздейді және оқу орындары мен жұмыс берушілердің білікті мамандар даярлау үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан белгілейді, бірінші жұмыс мамандықтарын алған адамдарға тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мемлекеттік кепілдік енгізіледі. 

«Заң жобасымен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған адамдарға оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мамандығы бойынша міндетті жұмыспен өтеу нормасы енгізіледі. Әскери және арнаулы оқу орындарын қоспағанда, халықаралық аккредиттеуден өткен жағдайда ғана, 2017 жылғы 1 қаңтардан  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың мемлекеттік үлгідегі құжаттар беруіне рұқсат беру жолымен біртіндеп аттестаттаудан аккредиттеуге өту ұсынылады», делінген комитетте таратылған ақпаратта. Бұдан басқа, оқытудың сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында қабылдауға, даярлауға, және педагогтардың жұмысына қойылатын талаптар қатайтылады. Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу құралдарының  сараптамасын жүргізу ұйымдары жөніндегі қызметке мемлекеттік монополия енгізіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе