Алматыда қазақша дыбысталған сөздерді мәтінге айналдыратын компьютерлік технология жасалды

АЛМАТЫ. Қарашаның 12/Ернар Бекен/ - Бүгін Алматыда «Ізет» ЖШС қазақша дыбысталатын сөздерді мәтіндік форматқа аударатын компьютерлік технологиясын таныстырды,деп .

Қазақстанда тұңғыш рет қол жеткізілген бұл жетістіктің арқасында қазақ тілін үйрету әдістемесі жаңа амалдармен толығып, стенографшылардың жұмысы жеңілдемек. «Ізет» фирмасының директоры Ізетәлі Тілешевтің айтуынша, ауызша сөйлеуді танитын қазақстандық технологияның өзіндік ерекшелігі - қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық өзгешеліктерінің есепке алуында.

«Оның қолданыстағы батыстың технологияларынан ерекшелігі де осында жатыр. Осы технологияны жасауға 3 жылдан астам уақыт және 200 мың доллар көлемінде қаржы жұмсалды. Оған 30 мың сөз формалары енгізілді», дейді ЖШС басшысы.

Қазақша сөздердің дыбысталуының акустикалық үлгісін құру үшін 60-тан астам диктордың дауыс жазбалары және 20 млн. сөздік қоры бар қазақ тілінің мәтіндік базасы пайдаланылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе