Астанада балабақшаға жолдама 4-30 маусым аралығында кезек бойынша беріледі

АСТАНА. 23 сәКезеккке тіркелген барлық жас кезеңіндегі балалар тобын мектепке дейінгі мекемеге жасақтау биылғы жылдың маусым айының 4-інен 30-ына дейінгі  аралықта  жүргізіледі. Бұл ақпаратты Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Жасақтау жүргізу бойынша жұмыс тобы Конституция көшесі, 44 мекен-жайында орналасқан № 26 мектепте күнделікті (демалыс күндерден басқа) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдау жүргізеді.

Жолдама кезекке сәйкес қазіргі күні жұмыс жасап тұрған балабақшалар мен қайта тапсырылған нысандарға берілетін болады. Соның ішінде: № 4 балабақшаға жалғай салынған құрылыста 90 орын, № 9 балабақшада 95 орын, Сарайшық көшесіндегі «Шұғыла» балабақшасында 240 орын, «Толағай» балабақшасында 280 орын және Көктал-1 кентінің оңтүстік шығысындағы балабақшада 280 орын.

Өз кезегінде заңға сәйкес көрсетілген жеңілдік санаттарына кіретін азаматтардан келіп түскен қолдау хаттар қаралып, оның қорытындысы бойынша Жұмыс тобының шешімі 1 шілде күні № 26 орта мектептің аумағында орналасқан ақпараттық тақтаға ілінетін болады.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде орынға үміткер балалардың ата-аналары келесідей ережелерді ұстанғаны жөн: жолдама бойынша Жұмыс тобына жүгінбес бұрын, алдымен жасақтау кестесін мұқият оқып, танысып алуы қажет. Егер сіздің кезегіңіз биылғы жылы барлық жас кезеңіндегі балаларға бөлінген орындар санына кірген  жағдайда ғана жолдамаға баруға болады. Бұл артық дүрлігіс тудырмай әрі Жұмыс тобына қалыпты қабылдау жүгізуге мүмкіндік береді.

Жасақтау аяқталған соң 1 шілдеде Астана қаласының www.astana.kz ресми сайтының электронды қызметінен кезектердің жылжуын қарауға болады.

Астана қаласында балаларға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде топтарды жасақтау кестесі: 

Туған жылы

Жасақтау күні

Кезек нөмірі

(Күннің бірінші жартысы)

 

Кезек нөмірі

(Күннің екінші жартысы)

 

2010 ж.т. 

 

4.06.2012ж.

№1- №150

№151 - №300

5.06.2012 ж.

№301- №450

№450 - №600

6.06.2012 ж.

№600 - №855

 

7.06.2012 ж.

Құжаттармен жұмыс

2009 ж.т.

 

 

8.06.2012 ж.

№1 - №200

№2001 - №400

11.06.2012 ж.

№401 - №550

№551 - №698

12.06.2012 ж. 13.06.2012 ж.

Құжаттармен жұмыс

2008 ж.т.

14.06.2012 ж.

№1 - №300

 

№300 - №573

15.06.2012ж.

Құжаттармен жұмыс

 

 

2007 ж.т.

18.06.2012 ж.

№1 - №150

№151 - №385

19.06.2012 ж.

Құжаттармен жұмыс

2006 ж.т.

20.06.2012 ж.

№1 - №150

№151 - №214

21.06.2012 ж. 29.06.2012 ж.

Құжаттармен жұмыс
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе