Қазақстанда күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 98,6 пайызы - мемлекеттік оқу орындары

АСТАНА. 24 2012/2013 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында 7636 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді, олардың 7529-ы немесе 98,6% мемлекеттік болып табылады.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылы жалпы республика бойынша 112 жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 86-сы -  ауылдық елді мекендерде.

Мектептердің жалпы санынан бастауыш мектептердің үлес салмағы 12,2% құрайды, негізгі мектептер - 14,7%, орта мектептер - 69,3%.

Бастауыш мектептердің жалпы санынан 95,6% ауылдық елді мекендерде орналасқан, негізгі және орта мектептер бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 93,6% және 70,5% құрайды.

2012/2013 оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 2533,9 мың адамды құрады, ол өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,4%-ға кем.

Қарастырылып отырған оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде балаларды оқыту 7 тілде жүргізілді: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, неміс, және ағылшын.

Қазақстан Республикасында қазақ тілінде 3838 және орыс тілінде 1442 оқытатын мектептер басым (орта және жоғары оқу орындары жанындағы мектептерді, арнайы түзету мектептерін қоспағанда). Сонымен қатар 60 мектепте оқыту өзбек тілінде, 13-і - ұйғыр, 8-і - ағылшын, және 2-уі - тәжік тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ 2161 мектепте оқыту екі немесе одан көп тілдерде жүргізіледі. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқыту тек қана өзбек тілінде жүретін мектептер саны 2 мектепке өсті.

2012/2013 оқу жылында республика мектептерінде білім беру бағдарламасы аясында, сонымен қоса факультативті және дербес пән ретінде, дүнген (4140 оқушы), түрік (2194), ұйғыр (4087), ағылшын (1624), поляк (645), күрд (426), әзірбайжан (339), корей (197), татар (42) және басқа ұлттық тілдерді оқыту ұйымдастырылды.

2012/2013 оқу жылының басына республикада әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқыту мүмкіндігімен 1644 мектеп, одан 289 мектеп - гимназиялық және 65 мектеп лицейлік сыныптармен жұмыс істеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе