«Тұран-Астана» университетінің үздік студенттері Тоқтар Әубәкіров атындағы стипендияны иеленді

АСТАНА. 21 Бүгін елордадағы «Тұран-Астана» университетінің үздік студенттеріне Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-сынақшы, ғарышкер-зерттеуші Тоқтар Әубәкіров атындағы стипендияны тапсыру рәсімі өтті.Салтанатты шараға Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов және  университет ректоры Гүлжамал Жапарова қатысты.

Батыр атындағы стипендияны тағайындаудағы мақсат студенттерді оқуға, ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру болып табылады. Сонымен қатар, жоғары оқу орынында білім алушылар арасындағы қабілетті, дарынды әрі зерек студенттерге материалдық қолдау көрсете отырып, олардың өмірлік ұстаным тәрбиесіне әсер ету, студент қауымының еліміздің атағын шығарған батырларға деген құрметін оятып, патриоттық сезімді арттыру болып отыр.

«Біз бұл стипендияны талантты жастарымызға азғантай болса да қолдау жасасақ деген ниетпен тағайындап отырмыз. Стипендияның тұңғыш иегерлері - кілең үздіктер. Мен олардың өз келешектеріне  үлкен мақсаттар қоя алатынына сенемін. Өз алдына зор мақсат қоя білген азаматтардың  өмір жолдары жарқын әрі қабылдаған шешімдері оң болатынына да сенімім бар», - деді Т. Әубәкіров.

Жиын барысында Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров университеттің студенттері Элина Сулейменоваға, Баян Тұрысбековаға, Алмас Құдайбергенов пен Ақнұр Тоқмамбетоваға және Салтанат Зұлхарнаеваға өзінің атында тағайындалған тұңғыш стипендияның арнайы сертификаттарын табыс етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе