Алматыда мұғалімдер Жаңа жылдық кештен бас тартты

Алматыда мұғалімдер Жаңа жылдық отырыстан бас тартып, мұқтаж отбасыларға көмектесуге бел шешті, деп тілшісі.

Жетісу ауданының 21 мектеп директоры мен 22 балабақша меңгерушісі жаңажылдық кештен бас тартты. Мұғалімдер бұл қаражатты қайырымдылық мақсатта жұмсамақ. Мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек тарату жоспарда бар. «Бұл бастаманы көтерген аудан әкімдігінің басшысы болатын. Жетісу ауданында мұқтаж отбасылар өте көп. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына көмек беруге баса назар аударылып отыр. Балаларға қысқы сырт киім, жылы аяқ киім, азық-түлік кәрзеңкесі беріледі. Сонымен қатар, #137 мектеп оқушысының омыртқасына ота жасау үшін қаражат беріледі», - деді Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова. Оның айтуынша, болашақта мұғалімдер бұл бастаманы қайырымдылық эстафетасына айналдырмақ. Айта кетейік, бұған дейін Жетісу ауданының 2019 жылғы түлектері арнайы кеш жасаудан бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылық шараларына жұмсаған болатын. фото: kaznews.kz/news
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе