Тілтанудың толағайы - М.Серғалиевті еске алуға арналған «дөңгелек үстел» өтеді

АСТАНА. 13 Наурыздың 17-сі күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, белгілі тілтанушы-ғалым Мырзатай Серғалиевті еске алуға арналған «Тілтанудың толағайы» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.Іс-шараға М.Серғалиевтің шәкірттері - белгілі ғалымдар мен мекеме басшылары қатысады. Олардың ішінде Ербол Тілешев, Амантай Шәріп, Ербол Шаймерден, Шерубай Құрманбайұлы және тағы басқалар бар. «Дөңгелек үстел» Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқу-зертханалық ғимараттың № 823 мәжіліс залында сағат 10.00-де басталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе