2016 жылы ҚР ҚК-нің сержанттар корпусы 7 деңгей бойынша білім алады

ҚР ҚМ Кадет корпусының базасында рота және взвод сержанттарының біліктілікті арттыру курстары өтуде. 1 ақпаннан бастап 2 наурызға дейін мұнда ҚР ҚК-нің 77 сержанты оқытылатын болады.2016 жылдың аяғына дейін аталмыш курстарға әртүрлі буындағы 478 сержантты тарту жоспарлануда.

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, курстық даярлық әскери қызметшілерді кәсіби тұрғыда оқытудың үлгісі болып табылады. Ол олардың атқарып отырған лауазымдарының көлемінде әскери білімдерін, практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған кәсіби деңгейін, біліктілігі мен қайта даярлануын қамтиды. Еліміздің Қарулы Күштерінің сержанттар құрамы үшін бүгінгі күні даярлаудың 7 деңгейі қарастырылған.  Бұл сержанттың базалық курсы. Ол жауынгерлік машина бөлімшелері, экипаж, зеңбірек, есептоп командирлеріне арналған. Кейінгі алты деңгей - жас толымды дайындаумен айналысатын жауынгерлік даярлық жөніндегі взвод сержанты мен нұсқаушылардан бастап рота, батальон, штаб және бригада сержантының курсымен аяқталады.  Курстар оқу-жаттығу орталықтары мен әскери бөлімдердің базасында, ҚР ҚМ Кадет корпусы мен Құрлық әскерлерінің Әскери институтында, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде өткізіледі.   Оқытудың ұзақтығы 1,5 ай оқитын бригада, база, полк сержанттарын есептемегенде, бір айды құрайды.

Сержанттар корпусы - армия негізі, оның сапалы кәсібилендірілуі бүгінгі таңда еліміздің Қарулы Күштерін дамытудың басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары кәсіпқойлық пен біліктілік сияқты қасиеттер болған кезде ғана сержанттар бағынысты жеке құрамды сапалы оқытып, оларға басшылық ете алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе