Таразда аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 400 млн теңге бөлінді

Аймақта жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тараз қаласы әкімдігі білім басқармасының басшысы Мүбәрак Жәнібекованың мәліметінше, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 400 млн теңге қарастырылған.

«Таразда жүзден астам білім беру мекемелері бар, олардың 59-ы - жалпы білім беретін мектептер. Жаңа оқу жылында біз 67 мың оқушыны қабылдамақшымыз, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда үш мыңға артық. Оның үстіне әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылары балаларының саны он мыңнан асады. Олардың тек мектеп формаларының өзіне 98 млн. теңге бөлінген. Бұл балаларға сонымен қатар, қыстық киімдер де алынады. 9 мың 832 баланың тегін тамақтануына 289 млн теңге бөлінді», - деді білім басқармасының басшысы.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, екінші қыркүйек күні аймақтағы 451 мектепке 214 мыңнан астам оқушы келеді (2016 жылы - 207,4 мың), олардың 26,2 мыңы - мектеп табалдырығын енді ғана аттайтындар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе