Алматыда тарихшы боламын деген талапкерлер үшін пәндік олимпиада өткізіледі

АЛМАТЫ. 10 Алматыда 11 мамыр күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультеті"Ашық есік" күні аясында 11 сынып оқушылары мен тарихшы болғысы келетін талапкерлер арасында пәндік олимпиада өткізеді. Мақсат  - мектеп оқушыларын тарих факультетіне шақыра отырып, ондағы оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарымен таныстыру. Жастардың еліміздің төл тарихына деген қызығушылығын арттырып, оларды тарихшы ғалымдармен таныстыру,  тарихшы мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беру және ықпал ету. Екі кезеңнен тұратын сайыс кезінде үміткерлер Қазақстан мен дүниежүзі тарихы пәндерінің материалдары бойынша тест (50 сұрақ) арқылы өз білімін тексереді. Одан кейін эссе жазатын болады. Олимпиадада бірінші орын алған талапкерге ҚазҰПУ-дің тарих факультетіне түсу үшін ректор тарапынан 1 жылдық оқу ақысы мөлшерінде грант белгіленеді. Ал екінші  орын алған 2 оқушыға 1 жылдық оқу ақысына 50 пайыз, үшінші орын  алған 3 оқушыға 25 пайыз, ал өзге қатысушыларға 10 пайыз жеңілдік жасалады. Алайда олар бұл жеңілдіктерді Біріңғай ұлттық тестілеуден ҚР Білім және ғылым министрлігі  бекіткен төменгі шекті балдарды жинаған жағдайда ғана пайдалана алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе