Байбек 3 мың баланы ЭКСПО-ға тегін жібермекші

Үкіметтің бүгінгі отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша есеп берді, деп тілшісі.Әкімнің сөзіне қарағанда, биыл аталған шараларға жергілікті бюджеттен 190 миллион теңге бөлініп отыр.

«Жазғы лагерьлерде балалардың 47,4 проценті демалады. Осылайша, 1 маусымнан бастап 771 лагерь жұмыс істей бастайды. Соның барлығы 100 мың баланы қабылдай алады. Бұдан бөлек, мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінде 708 спорт секциялары ашылып, ақылы негізде сан алуан клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді. Ал жергілікті бюджеттің есебінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 900 бала ЭКСПО көрмесіне бара алады», - дейді Байбек.

Айта кетейік, онлайн байланыс арқылы есеп берген Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов та ЭКСПО-ға 15 мың баланың жіберілетінін жеткізді.

Жалпы, биыл 1-11 сынып оқушыларының саны 2 миллион 671 мың баланы құрап отыр. Олардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін республикада 14 мыңға жуық денсаулық лагерьлері мен алаңдар жұмыс істейді. Жазғы лагерьлер 1 миллион 655 баланы, яғни барлық оқушылардың 61 процентін қамти алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе