Биыл Астанада жаңа 11 балабақша ашылады

Қазіргі уақытта Астанада 2 420 орындық 11 балабақша салынып жатыр. Олардың құрылысы 2014 жылы аяқталады. Бұл туралы astana.kz сайты жазады.Балабақшалар келесі мекенжайлар бойынша орналасады:

1. Түркістан - Орынбор - №25 - №26 көшелерінің қиылысында 200 орындық балабақша - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

2. Түркістан, Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің шаршы алаңында 240 орындық балабақша - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қыркүйек айы;

3. Сауран және №24 көшелердің қиылысында 240 орындық балабақша - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы 30 маусым;

4. Алматы-Ақмешіт көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы 30 маусым;

5. Айнакөл және Л.Мирзоян көшелерінің қиылысында - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

6. Айнакөл және М. Жұмабаев көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша -пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

7. Ж.Нажімеденов, Л.Мирзоян көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы 30 шілде;

8. Балалар тәулік бойы болатын Көктал-2 елдімекеніндегі 240 орындық мамандандырылған санаториялық мектепке дейінгі мекеме - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қараша айы;

9. «Рябинка» балабақшасына жапсыра салынған 60 орындық балабақша - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

10. Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №1 балабақша - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

11. Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 2 балабақша - пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе