ҚР вице-премьері Е.Орынбаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аяқталды

АСТАНА. 4 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аяқталды.Вице-премьер «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының жүзеге асырылуы барысымен танысты, Қызылордада бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.

Естеріңізге сала кетейік, күннің бірінші жартысында Е.Орынбаев Шаған және Н.Ілиясов атындағы ауыл округтерінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Содан кейін ол Қызылордада салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылыс алаңында және жұмыспен қамту бағдарламасының ауқымында кадрлар даярлауды және қайта даярлауды жүргізіп жатқан №9 кәсіптік лицейде болды.

Қызылорда қаласындағы химиялық-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектебінің құрылысын 2012 жылы аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл мектеп 120 орындық жатақханасымен 720 оқушыға есептелген. Бір сыныпта 20 оқушыдан болмақ. «Назарбаев Зияткерлік  мектептері» орта білімді сапалы оқу үдерісімен байытатын, заманауи жабдықтармен және технологиялармен жарақтанған жаңа тұрпатты оқу ордалары болмақ.

Түстен кейін Премьер-Министрдің орынбасары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ауқымында салынған «Жанай» спорттық-сауықтыру кешенінің және облыстық медицина орталығының жұмыстарымен танысты.

Е.Орынбаевтың аймақтарға жұмыс сапары Шығыс Қазақстан облысында жалғасады, қазірде ол осы аймаққа жүріп кетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе