Павлодар облысының үздік мектебіне ақша гранты табысталды

ПАВЛОДАР. 25 Павлодар облысында «Үздік орта мектеп» байқауының қорытындыларын шығарды. Оған барлығы 17 ауылдық және қалалық білім мекемелері қатысты.Облыс әкімінің орынбасары Арын Орсариев басқарған қазылар алқасының құрамында білім және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы департаменттердің, білім және кадрлардың кәсібилігін көтеру басқармасының өкілдері болды.

Нәтижесінде Павлодардағы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі жеңімпаз атанып, 13,9 млн. теңгелік сертификат алды.

Лауреаттар арасында Ақтоғай ауданының Абай атындағы мектебі мен Павлодардың № 9 гимназиясы болды. Оларға теледидарлар, ноутбуктер, бейнекамералар, фотоаппараттар табысталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе