Талғарда 320 бүлдіршінге арналған балабақша қолданысқа тапсырылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 24 Талғарда 320 балғынға шақталған балабақшаны қолданысқа тапсыру үшін әзірлеу үстінде.Сметаға сәйкес мектепке дейінгі мекемені салуға, жарақтандыруға республикалық және облыстық бюджеттен 651 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда қаржы толық игерілді.

Бірегей екі қабатты балабақшаның құрылысы барысында жаңа технологияларға иек артылған. Коммуникациялар мен инженерлік желілердің автономдығы, орталықтандырылған кәріз және сумен қамту жүйелері, едендердің жылытылуы, асты жеткізуге арналған лифт, сұйық жағармайдан қатты отынға ауыса алатын блок-модульді қазандық қарастырылған. Әлеуметтік нысанның сыртқы қабырғаларында жылыту блоктары бар. Соның арқасында дизельді жағармайды үнемдеп, нысанды жылытуға жол ашылмақ.

Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Енді мамандар балабақшаның маңын абаттандыруға кіріспек. Тас жол төсеп, аумақты көгалдандыру, жеткізілген технологиялық құрылғыларды құрастыру міндеті тұр.

Айта кеткен жөн, Талғар ауданында 2012 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша балалардың 53 пайызы бала бақшалармен қамтылып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе