Елбасы тапсырмасына сәйкес Орал қаласында алдағы жылы мектепке дейінгі тәрбиемен балалардың 78,1 пайызын қамту көзделіп отыр

ОРАЛ. Желтоқсанның 2/Ғайсағали Ералы/ - Елбасы тапсырмасына сәйкес Орал қаласында алдағы жылы мектепке дейінгі тәрбиемен балалардың 78,1 пайызын қамту көзделіп отыр, деп тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі кезде қалада 40 мектепке дейінгі ұйымда 6705 бала тәрбиеленуде. 2008-2009 жылдары 1475 орындық алты мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілсе, таяуда Зачаган кентінде 280 орындық тағы бір балабақша іске қосылады. Сонда балабақша саны 41-ге жетпек.

Алдағы жылы қалада 740 орындық үш мектепке дейінгі ұйым, 300 балалық 11 шағын орталық, 80 орындық үш жеке балабақша салынбақ. Бұл бүлдіршіндердің 78,1 пайызын қамтуға мүмкіндік береді.

Аудандарда бұл мәселе сәл басқаша шешіледі. Кезінде ауылдарда үлгі жобамен салынған мектептердің оқушылармен толыға қоймағаны да баршылық. Солардың жанында қосымша шағын орталықтар ашу ойластырылуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе