Жолдауда айтылған модернизация идеясы алдымен жастарға арналған - Ғарифолла Есім

АЛМАТЫ. 9  -  Бүгін Алматыда Абай атындағы ҚазҰПУ-де Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты ел халқына Жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында аталмыш оқу орынның оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттер қауымымен кездесу өткізді.Жиын барысында Сенат депутаты Ғарифолла Есім «Әлеуметтік жаңғыру - Қазақ елі келешегінің кепілі» атты баяндама жасап, Жолдаудың мәні мен маңызына, қойылған міндеттерге, Елбасы атап айтқан он басты бағытқа тоқталды. Депутат сондай-ақ, жиналған қауыммен әлеуметтік жаңғырту және Елбасы атап өткен патриотизм мәселесі туралы ойларымен бөлісті.

«Елбасы 1997 жылдан бастап Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнап келеді. Жолдау әр адамға, әр отбасына, әр ұжымға, ел болашағын ойлайтын әр азаматқа арналған. Жолдау өте ауқымды құжат. Онда 2012 жылы және алдағы он жылдықта шешімін табуы қажет аса күрделі он проблема қамтылып, әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты анықталды. Қамтылмаған еш нәрсе қалған жоқ. Жолдауда айтылған модернизация идеясы алдымен жастарға арналған», - деп атап өтті Ғарифолла Есім.

Оның айтуынша, ендігі келесі онжылдыққа өзгеше өлшемдер керек. «Өзгеріс, өзгеріс тағы өзгеріс керек. Жаңа онжылдықта бұрынғыдай өмір сүруге болмайды. Он бағыттың, яғни проблеманың бәріне модернизация қажет. Модернизация дегеніміз - ол жаңалық, бір сападан келесі сапаға өту, секіріс деген сөз. Ескіше өмір сүріп, жұмыс істеуге болмайды, одан да жақсы өмір сүруіміз керек деген сөз. Ол Парламент, Үкімет, қоғам алдындағы аса маңызды, бірақ биылғы жылдан 2020 жылға дейін шешімі табылатын проблемалар. Елбасы қойған міндеттердің орындалуы ең алдымен, Парламент пен Үкіметке және қоғамға сын», -деді Сенат депутаты.

Жиын соңында кездесуге қатысушылар халық қалаулысына толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Алдағы күндері депутат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де және Сүлеймен Демирел атындағы университетте кездесулер өткізетін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе