ҚХР-дың Далянь қаласында «Қазақстанның зерттеулер орталығы» ашылды (ФОТО)

8 қаңтарда Қытайдағы ҚР Елшілігі мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен Далянь шет тілдер университетінде (ДШТУ, ҚХР-дың Ляонин солтүстік-шығыс провинциясындағы Далянь қаласы) «Қазақстанның зерттеулер орталығы» ашылды.Орталықтың ресми ашылуын ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Жұмақан Мырхалықов және ДШТУ ректоры Лю Хун (Liu Hong) бастап берді.«Бұл Қытайда біздің елімізге, қазақ тілі мен мәдениетіне, тағаттылықтың және экономикалық дамудың қазақстандық моделіне қызығушылықтың артып отырғанының дәлелі деп санаймын (...). Бүгін құрылып отырған «Қазақстанның зерттеулер орталығы» біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достықты, тату көршілікті және әріптестікті нығайтуда маңызды алаң болатынына сенімдімін.

Орталыққа қазақ тілін, мәдениетін және Қазақстан тарихын, маңызды ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғаларды зерттеуде және жариялауда табысты жұмыс тілеймін. Болашақта оның негізінде екі жоғары оқу орнының бірлескен күш-жігерімен қазақ тілі кафедрасы құрылатын болады, деп сенемін», - деді Ш.Нұрышев өзінің сөзінде.    Қазақстандық дипломат Стратегия-2050, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі ұлт жоспары және басқа да Мемлекет басшысы алға қойған елді әлеуметтік-экономикалық және саяси дамыту міндеттері туралы қысқаша айтып берді.   Еске сала кетейік, Далянь шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстанның зерттеулер орталығы» Шанхай шет тілдері университеті жанында (2015 жылғы 16 қарашада ашылды) және Бейжің шет тілдері университетінде (2015 жылғы 13 желтоқсан) ашылған «Қазақстанның орталықтары» ішінде осындай үшінші ғылым орталығы болып отыр. Мұндай серпін Қазақстанға қытай ғылыми топтары мен жұртшылығы өкілдері тарапынан қызығушылықтың арта түсіп отырғанын көрсетеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе