Шамамен 240 ақтөбелік студент облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды

АҚТӨБЕ. 1 Бүгін Тұңғыш Президенттің атындағы саябақта Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір тұрғындарын Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтады.«Бұл мереке еліміздің бірлігі мен достығының нышаны іспеттес», - деді облыс әкімі.

 Архимед Мұхамбетов атап өткендей, «бүгінгі күні өңірде 90-нан астам ұл өкілдері бір шаңырақтың астында бейбітшілік пен келісімде тіршілік кешіп жатыр, 18 этомәдени бірлестік, 10 жексенбілік мектеп пен жастар клубы ашылды». Осыдан кейін ол салтанатты түрде облыстың ең белсенді және дарынды студенттеріне 130 мың теңгеден 239 атаулы стипендия берді. Атаулы стипендияларды табыс ету «Болашақ бүгіннен басталады» атты акцияның аясында өтті.

  Бүгінгі күні Ақтөбе облысының 30 пайызын жастар құрайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе