Бүкіләлемдік Экономикалық форумның Жас көшбасшылар қауымдастығы Астанада өз орталығын ашты

АСТАНА. 20 Бүгін Астанада  көшбасшылар қауымдастығы (Global Shapers Community) өз орталығын ашты.Орталықтың ресми тұсауы Назарбаев Университетінде кесілді.

«Бұл жобаға 20 мен 30 жас аралығындағы кез келген мамандық иелері, өз қабілет-қарымын қоғам мүддесіне сай жетілдіруге ниетті жастар қатыса алады. Олардың бойындағы адамгершілік пен интеллектуалдық принциптері жоғары деңгейде болуы тиіс. Кәсіпкерлік тәжірибесі бар, ірі жобаға бастамашы болып, оны тиімді түрде жүзеге асырған, қоғам өміріне белсене араласып, оның дамуына айтарлықтай үлес қосқан жастарға басымдық беріледі», - дейді ұйымдастырушылар.

Global Shapers Community қауымдастығының мүшелері бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасып отыруы үшін әлемнің ірі қалаларында қызмет Орталықтарын ұйымдастырып отырады. Бір-бірімен пікір алмаса отырып, Қауымдастық мүшелері жастардың жұмысқа орналасу, заңнамаларға өзгерістер енгізу, экологияны жақсарту сынды мәселелерді шешуге жол ашатын кәсіпкерлік жаңашыл идеяларын ұсына алады.

Астанада құрылып отырған осы Орталықтың кураторы болып ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары Қауымдастығының мүшесі әрі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек сайланды.

Айта кетейік, Global Shapers Орталықтары Ресей, Украина, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан сияқты елдерде де бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе