БҚО-да оннан астам білім беру нысандары бой көтеруде

Батыс Қазақстан облысында оннан астам білім беру нысандары салынуда.БҚО құрылыс басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, республикалық бюджеттен биыл бұл мақсатқа 783,8 млн. теңге бөлінген. Осы қаржыға Орал қаласының Зашаған кентінде 360 орындық балабақша мен 1200 орындық мектеп, Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылында 100 орындық интернаты бар 600 орындық мектеп бой көтеруде. Сондай-ақ облыстық қазынадан қарастырылған 598,8 млн. теңгеге Шыңғырлау ауданы Сегізсай ауылында 48 орындық, Теректінің Юбилейныйында, Жаңақаланың Сарыкөлі мен  Жуалыойында әрқайсысы 108 орындық мектеп құрылыстары жүргізілуде. Оған қоса Теректі ауданының Сарыөмір ауылында балаларға арналған сауықтыру лагері, Оралда дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты ғимаратына іргелес спорт, акт залы мен ресурстық орталығы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы және Круглоозерный кентіндегі мектептің спорт залы тұрғызылуда.

Сонымен қатар өзге инвестициялар есебінен 542,2 млн. теңге қаралған. Атап айтқанда, «ҚПО б.в.» компаниясы қаржысына Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылында 290 орындық балабақша құрылысы басталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе