«Даму» қоры 210 кәсіпкерге бизнестің қыр-сырын үйретпек

АСТАНА. 16 сә«Даму» қоры 210 кәсіпкерге бизнестің қыр-сырын үйретпек. Бұл ақпаратты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының баспасөз қызметі таратып отыр.«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ағымдағы жылдың 12-31 наурызы аралығында Назарбаев Университетіне қарасты бизнес мектептің базасында «Шағын және орта бизнес топ-менеджерлерін оқыту» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдады. Қатысуға өтінімді республиканы барлық өңірлерінде басшылық қызмет атқаратын шағын және орта бизнес кәсіпкерлері берді», - делінген хабарламада.

Қордың аймақтық үйлестіру кеңесі келіп түскен барлық өтінімдерді мақұлдады. Қазіргі уақытта Назарбаев Университеті жоба қатысушыларын топқа бөлуді жүргізіп жатыр. Жалпы ағымдағы жылы 210 топ-менеджерді оқыту жоспарланған. Оқу бағдарламасы 23 сәуірде басталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе