11 мыңнан астам қазақ жасы Қытайда білім алуда

11 мыңнан астам қазақ жасы Қытайда білім алуда. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Орталық Азияның қауіпсіздігіне арналған жыл сайынғы 14-ші конференцияда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлім етті.«Бүгінгі күні Қазақстанда 1 мыңнан астам Қытай азаматы білім алып жатыр. ал Қытайдың түрлі жоғары оқу орындарында 11 мыңнан астам қазақстандық оқып жатыр», - деді ол.

Осы ретте Е.Қарин бүгінгі күні Қазақстан мен Қытай тек экономикада ғана емес, сонымен бірге мәдени-гуманитарлық салаларда да ынтымақтастықты жолға қойғанын баса айтты.

«ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды университеттері жанында 4 Конфуций институты жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек, 4 қазақстандық-қытайлық мәдени орталық бар. Ал Қытайдың Бейжің, Шанхай, Дальянь қалаларында шетел тілдері университеттерінде 3 Қазақстан орталығы ашылған», - деді институт директоры.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе