Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұжымы мен оқушылар жаппай велосипедке отырды

Бүгін еліміздің барлық қалаларында Назарбаев зияткерлік мектептерінің қатысуымен бірінші «Велоқала» экофестивалі өтті. Бір уақытта бұл акцияға зияткерлік мектептердің оқушылары, мұғалімдері және ата-аналары, барлығы төрт мыңнан астам адам қатысты. Орал қаласында аталмыш шараны шаһардағы Назарбаев зияткерлік мектебі (НЗМ) ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.Оған облыстық велоспорт мектебінің 30-дан астам және НЗМ-нің 100-ден астам оқушысы, мұғалімі және ата-аналары ат салысты. Веложорық мектептің алдынан басталып, №14 жалпы орта білім беретін мектепке бағыт алды.

Мектеп директоры Шолпан Қадырованың айтуынша, республикалық экофестивальдің басты мақсаты - жастар мен ересектер арасында велосипед көлігін насихаттау, сол арқылы экологиялық мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтына баулу. Бұл шара «Ақбота» қоғамдық қорының қатысуымен БҰҰ Даму бағдарламасы - «Алматы қаласының тұрақты көлігі» жаһандық экономикалық қорының «Сенің қауіпсіз велосипедің - сенің қалаңның экологиясы мен денсаулығың үшін» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Белгіленген маршрут бойынша өткен веложорық №14 мектептің алдындағы достық концертіне жалғасты. Екі мектептің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, шара соңында зияткерлер осы мектептің оқушыларына шағын сыйлықтарын табыстады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе